Мерғали Жанғалиұлы Ыбыраев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мерғали Жанғалиұлы Ыбыраев (13 маусым 1942 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл кенті — 1997 жыл қараша айы, Семей) — ақын, публицист, этногроф, драматург, сазгер.

Ол 1965 жылы Семей педагогикалық институтын бітіреді. Ол ауылдық мектептерде мұғалім, Абай ауданындағы "Совхоз туы" газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, "Лениншіл жас" газетінің Семей облысындағы меншікті тілшісі, 1979-97 жылдары "Семей таңы" газеті мен қайта шыққан "Абай" журналының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.Белсенді ғылым публицист қызметі үшін Кенжебаев атындағы атындағы республикалық сыйлықтың иегері.

Еңбектері

Ол "Темір тұлпар", "Өнегелі өркен", "Судағы сәуле", "Күміс" тау өлең жинақтары, екі томдық "Жоғалған өзен" романының авторы.Оның Шәкәрім, Жігер спектакльдері Абай атындағы Семей музыкалық драма театрында қойылған. Және де ол көптеген әндердің авторы.Қалқаман Мамыр спектаклінің музыкасын жазған.<ref>Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалық; Аруна баспасы.Алматы, 2005ж.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер