Мереке Арынұлы Кизиров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Мереке Арынұлы Кизиров (2 қараша 1957 жылы, КСРО, ҚазКСР, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласында туды) — қазақстандық мемлекет қайраткері.

Өмірбаяны

1957 жылдың 6 қарашасында Ерейментау қаласында дүниеге келген. Руы — Қанжығалының ішінде Киікбай. 1964-1974 жылдары Ерейментау қаласындағы №2 негізгі мектебінде оқып, 1974 жылы еңбекке араласқан. 1975-1977 жылдары әскер қатарында болған. 1977-1979 жылдары Ерейментау жол аралығында жол жөндеушісі болды. 1979-1981 жылдары Целиноград темір жол транспорты техникумында оқиды. 1981-1987 жылдары Ерейментау жол аралығында мастер көмекшісі, кейін аға мастер болды. 1987-1994 жылдары линия бастығының орынбасары. 1994-2005 жылдары Екібастұз жол аралығында директор болды. 2005-2007 жылдары Павлодар магистральды торабында бөлім бастығы. 2007-2012 жылдары Екібастұз жол директоры. 2012 жылы біраз Павлодар стансасы Пойыздарды қалпына келтіру бастығының орынбасары болды. Қазіргі таңда "ҚР теміржолшылар кәсіподағы" Павлодар филиалының еңбек қорғау бойынша қоғамдық инспекторы<ref>Қанжығалы Киікбай шежіресі. Құрастырған М.Б. Әдірешев. — Павлодар: ЖК "Сытина Н. И." баспаханасы, 2016 — 106 б. ISBN 978-601-7896-26-3</ref>.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер