Мелдехан Уәлиханұлы Қасымбек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мелдехан Уәлиханұлы Қасымбек 1954 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының «Көксу» кеңшарында туған.

Әкесі - Қасымбеков Уәлихан, кеңшар әкімшілігінде жұмыс істеген. Анасы - Қуатова Бибісара, мектепте кітапханашы болып жұмыс істеген.

  • П. Беньков атындағы Республикалық көркемсурет училищесін (Ташкент, 1970); Апматы көркемсурет училищесін; В.И. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтының станок кескіндемесі факультетін бітірген (1979).
  • Қазақ, орыс және түрік (ауызекі) тілдерін біледі.
  • 1979-1983 жылдары - Алматы мемлекеттік театр-көркем институтының арнайы пәндер оқытушысы.
  • 1983-1986 жылдары - Шымкент көркем-өндірістік шеберханасының суретшісі (кескіндеме және монументалды өрнек) - Ә. Қастеев атындағы Шымкент көркем сурет училищесінің арнайы пәндер оқытушысы.
  • 1986 жылдан бері - О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің арнайы пәндер оқытушысы. Жастар, республикалық, бүкілодақтық және шетелдік өнер көрмелеріне қатысқан (1977 жылдан).
  • Суреттері Қазақстан Республикасы Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, Қырғызстанның Бейнелеу өнер мұражайында; Англияда, Германияда, Португалияда, Түркияда, Оңтүстік Кореяда, Францияда жекө коллекцияларда сақталуда.
  • Ы. Аптынсарин атындағы медалімен марапатталған (2008). Мәдениет қайраткері (1999).
  • Діни көзқарасы - мұсылман.
  • Саяси қайраткөр ретіндегі идеалы - М. Шоқай.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Даму жолында».
  • Хоббиі - кино, музыка, саяхат.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Құнанбаев, Р. Акутагава, А. Камю, К. Абэ.
  • Үйленген. Жұбайы - Қасымбекова Ақмедел (1955), фармацевт. Қызы - Қасымбекова Айна Мелдеханқызы (1985), энергетик; ұлы - Қасымбеков Ататүрік Мелдеханұлы (1989), студент.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub