Мейірхан Қуанышбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мейірхан Қуанышбаев(21 қараша 1931 жыл, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 1998) - журналист, жазушы.

Жамбыл қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищені, 1957 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1973 жылы Мәскеудегі Жоғары партия мектебін бітіріп келіп, біраз жыл Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газеті редакторының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент облысаралық бөлімшесінің Жамбыл облысындағы әдеби кеңесшісі болған.

Тырнақалды әңгімесі 1956 жылы «Апа» деген атпен «Қазақстан әйелдері» журналында басылды.

Шығармалары

  • Жанар. Повесть. А., «Жазушы», 1966;
  • Кек қылышы. Повесть. А., «Жазушы», 1970;
  • Жалғыз жиде. Повесть. А., «Жалын», 1979;
  • Тайталас. Повесть. А., «Жазушы», 1983;
  • Жолайрық. Повестер. А., «Жазушы», 1989.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>