Мейірхан Мүбәрәкұлы Әбділдин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым

Әбділдин Мейірхан Мүбәрәкұлы(16 наурыз 1938 ж.т., қазіргі Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Троицк ауд., Загаиново с. — 09 қаңтар 2012 ж.қ.б., Қазақстан, Алматы қ.) — ғалым, физ.-матем. ғыл. докторы (1985), проф. (1986). Қазақстан ғылым академиясының корр. мүшесі (1989).

Өмірбаяны

ҚазМУ-ды бітірген (1959).

1959 — 1970 жж. Қазақ КСР ғылым академиясының Ядролық физика, Астрофизика институттарында ғыл. қызметтер атқарды. 1970 жылдан ҚазМҰУ-да кафедра меңгерушісі, проф., университет ректоры (1988 — 91) болды. Қазір осы ун-тте кафедра меңгерушісі.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының мəселелері

Әбділдиннің негізгі ғыл.-зерт. жұмыстары салыстырмалық және гравитациялық теорияның күрделі мәселелерін шешуге арналған. Альберт Эйнштейннің жалпы салыстырмалық теориясындағы денелер қозғалысы проблемасын зерттеді, денелердің ілгерілемелі және айналмалы қозғалысының релятивистік теңдеулерін негіздеді, Альберт Эйнштейннің гравитация теориясы механикасының мәселелерін зерттеудің жаңа әдістерін дамытты, жалпы салыстырмалылық теориясы негізінде денелер қозғалысының адиабаттық теориясын түзеді, дененің меншікті айналысы жөніндегі мәселелерді зерттеуде гидродинамикалық аналогияны қолдану идеясын ұсынды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мейірхан Мүбәрәкұлы Әбділдин|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}