Мейірбек Молдабекұлы Молдабеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Мейірбек Молдабекұлы Молдабеков (20 шілде, 1947 жылы Қызылорда облысы Төменарық ауылында туған) — ғалым. ҚР ғылым саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі (1997 жылдан). Досмұқасан ансамбльінің негізін қалаушылардың бірі әрі музыканты. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгiнің төрағасының орынбасары (2008 жылдан).

Толығырақ

  • Әкесі - Шілманов Молдабек, марқұм, қызметкер болған. Анасы - Әбуова Шекер, марқұм, жұмысшы болған.

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1970) «Автоматика және телемеханика»; Мәскеу авиациялық институтын (1975) «Қолданбалы математика» мамандықтары бойынша; Мәскеу авиациялық инсти- тутының аспирантурасын (1976) бітірген.

  • Техника ғылымдарының кандидаты (1977), докторы (1990).

Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Жоғары сыныпты механизмдер мен манипуляциялық құрылғылардың талдануы мен түзілуінің талдамалы әдістері, автоматтандырылған жобалануы». Доцент (1980), профессор (1991 жылдан). Ұлттық ғылым академиясының (2003 жылдан), Ұлттық инженерлік академияның (1997 жылдан), К.Э. Циолковский атындағы Ресей космонавтика академиясының академигі (1998 жылдан). Халықаралық астронавтика академиясының мүшесі-корреспонденті (2008 жылдан).

Ғылыми-танымдық және көсемсөздік жұмыстардың, соның ішінде «Еркіндіктің көп деңгейін иеленген жоғары сыныпты механизмдердің түзілуі» (1989), «Жоғары сыныпты механизмдер мен манипуляциялық құрылғылардың автоматтандырылған жобалануы» (1989), «Жоғары сыныпты механизмдер мен манипуляциялық құрылғылардың талдануы мен түзілуі», «Жоғары сыныпты механизмдердің талдануы мен түзілуінің талдамалы әдістері» (1997), «Көпдүркінді дәл нүктелі сым тартатын орнақтардағы сым темірлердің керілуін тұрақтандыру» (1998), «Тетікті механизмдерді автоматтандырылған динамикалық талдау әдістері мен алгоритмдері» (2001), «Механизмдер мен мәшинелер динамикасының математикалық үлгіленуі» (1998) оқу құралының; 175 ғылыми мақала мен жарияланымның, 9 оқу-әдістемелік зерттеменің, «Көп қозғалысты электр жетегі» (1988), «Дәлнүктелі сым тартатын орнақтардағы сым темірлердің керілуін өлшеуге арналған құрылғы» (1988), «Топсалы-тетікті механизм» (1988), «Көп қозғалысты электр жетегі» (1989), «Топсалытетікті механизм» (1989), «Дәл кідіріспен сырғитын қос иінді-сырғымалы механизм» (1989), «ДСП грейферлік механизмі» (1991), «Қойылмадағы балқытпаның беткі қабатынан тотықтарды алып тастауға арналған құрылғы» (1991), «Қос иінді-сырғымалы механизм» (1991), «Робот-манипуляторды автоматтық басқаруға арналған құрылғы» (1993), «Робот жетегін басқару жүйесі» (1996), «Жетекті басқарудың дағдыланған жүйесі» (1998), «Жұмсартқыш ілгіштердің атқарылу механизмі» (2002) сияқты 14 авторлық куәлік пен патенттің авторы.

1970 жылдан - В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты автоматика және телемеханика кафедрасының ассистенті , техникалық кибернетика кафедрасының тәжірибеші-зерттеушісі. 1972 жылдан -Мәскеу авиациялық институтының кешкі инженерлік легінің студенті; 1973 жылдан - аспиранты. 1977 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері аға оқытушысы, доценті, механика және қолданбалы математика факультеті деканының орынбасары. 1988 жылдан - ҚазКСР ҒА Математика және механика институтының жетекші, бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА Механика және мәшинетану институтының зертхана меңгерушісі. 1993 жылдан - ҚР Ұлттық аэроғарыш агенттігі бас директорының орынбасары - «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасының бастығы. 1997 жылдан - ҚР ҒА - Ғылым министрлігі Ғылыми мамандарды аттестациялау департаментінің директоры; 1998 жылдан - Ұлттық аэроғарыш агенттігінің директоры. 2001 жылдан - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары. 2005 жылдан - «Қазақғарыш» ҰК» АҚ басқармасының мүшесі. 2007 жылдан - «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ вице-президенті ( Астана қаласы). 2008 жылдың тамызынан бері - ҚР Ұлттық ғарыш агенпі төрағасының орынбасары.

Ғылыми жұмысын Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар» орталығы» АҚ жобаларының ғылыми жетекшісі лауазымымен қоса атқарады.

Ғылыми атағы

Мемлекеттік Марапаттары

Жеке қасиеттері

Әскери атағы - запастағы аға лейтенант. Үйленген. Жұбайы - Айтхожаева Жамалханқызы (1949 жылы туған), Алматы қаласы Соғыс ардагерлері емханасының терапия бөлімінің меңгерушісі. Қызы - Молдабекова Әлия (1976 жылы туған); ұлы - Молдабеков Ержан (1980 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер