Мейірбек Ержанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мейірбек Ержанұлы Ержанов (15. 12. 1940 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы) — тіл білімі маманы, филология ғылым кандидаты (1988).

Алматы шет тілдер институтын бітірген (1969). 1969-1974 ж. Келес ауданы орта мектеп директорының оқу істері жөніндегі орынбасары, аудандық оқу бөлімінің нұсқаушысы, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі. 1974-1989 ж. Қарағандыдағы Е.Бөкетов атындағы университетте аға оқытушы. 1989-1991 ж. кооператив институтында тілдер кафедрасының меңгерушісі. 1991—1993 ж. қаласы А. Йассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, ал 1993 жылдан бастап қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ә. Т. Қайдардың жетекшілігімен "Адамның сыртқы сипатын білдіретін сөздердің лексика-семантикалық тобы" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 20-ға жуық ғылыми мақала мен оқу құралдарының авторы.

Шығармасы:

  • Неміс тілінің кіріспе фонетикалық курсы. Қарағанды, 1987;
  • Методическое указание к изучению казахского языка в русской аудитории (фонетика). Қарағанды, 1987;
  • Методическое указание к изучению казахского языка в русской аудитории (морфология и синтаксис). Қарағанды, 1987;
  • Лексико-семантическая группа слов, описывающих внешность человека. АКД., А., 1988;
  • Мы изучаем казахский язык. Қарағанды, 1988;
  • Краткий русско-казахский словарь-справочник специальных терминов потребкооперации. Қарағанды, 1989;
  • Казахский язык. А., 1992;
  • Русско-казахский словарь-справочник пo глагольному управлению. А., 1993 (құрастырушылардың бірі).<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}