Мейрам Сәпиұлы Ахмеджанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мейрам Сәпиұлы Ахмеджанов 1948 жылы 13 тамызда Гурьев облысының Забурунье ауылында туған. Қазақ.

  • Әкесі - Ахмеджанов Сәпи (1929-2008), ғалым-зоотехник болған, Атырау облысының ауыл шаруашылығы секторында әр түрлі басшылық қызметтерде істеген. Анасы -Ахмеджанова Қазиба (1929 ж. т.), зейнеткер.
  • Гурьев политехникумының механика факультетін (1967) техник-механик мамандығы бойынша; И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай химиясы мен газ өнеркәсібі институтының механика факультетін (1973) инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
  • КОКП мүшесі (1986-1991). 1973 жылдан - ҚазГЗЖИ мұнай инженері, кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері. 1979 жылдан - ҚазГЗЖИ мұнайдың сектор меңгерушісі, зертхана меңгерушісі. 1985 жылдан - ҚазГЗЖИ мұнай директорының мұнай ендіру саласындағы ғылым бойынша орынбасары. 1987 жылдан - Қазақстан Компартиясы Шевченко қалалық комитеті «Маңғышлақмұнай» ӨБ парткомының хатшысы. 1990 жылдан - «Маңғышлақмұнай» ӨБ маркетинг бой- ынша бас маманы, бас директорының орынбасары. 1992 жылдан - Массачусетс университетінің мұнайгаз сала сы басшыларына арналған бір жылдық бизнес-курсының тыңдаушысы (АҚШ, Бостон). 1993 жылдан - Мобил Ойл Корпорациясының машықтанушысы, Тұлпар жобасы на қатысушы (АҚШ, Даллас). 1994 жылдан - «Атамекен Петролеум Корпорейшн» компаниясының президенті (АҚШ, Бостон). 1997 жылдан - «Ақтебемұнайгаз» ААҚ бас директорының орынбасары. 1999 жылдан - « Алтаков ЖШС бас директоры (Апматы қ.). 2001 жылдан Атырау облысы әкімдігінің облыстық мұнай-газ кешені сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялық саясат басқармасының бастығы. 2004 жылдан бері - Каспий құбыр жүргізу консорциумын кеңейту жобасының бас менеджері (Мәскеу қ.). Шевченко қалалық халық депутаттары кеңесінің депутаты (1988-1993). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалімен (2002) марапатталған.
  • Үйленген. Жұбайы - Ахмеджанова Гүлшара Шаханқызы (1949 ж. т.), мұнайшы-инженер. Ұлы - Әнуар (1970) Немерелері - Таир (1990 ж. т.), Әмір (2002 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}