Мақым Мұстақұлы Қисамединов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Қисамединов.jpg
Абай шығармалары бойынша. Көктем. Жаз. Күз. Қыс. М. М. Қисамединов. 1970.

Мақым Мұстақұлы Қисамединов (10 ақпан, 1939 - 23 қаңтар, 1982) - график-суретші.

Өмірбаяны

Техникалық тәсілдерді, оның ішінде линогравюраны қолдана отырып, қондырғылы және кітап графикасы саласында жұмыс істеді.

  • Диплом жұмысы ретінде М. Әуезовтың «Абай жолы» романына иллюстрациялар топтамасын дүниеге әкелді (ксилография, орташа көлемді Санкт-Петербургтегі Суретшілер Академиясының Ғылыми-зерттеу музейінде сақтаулы).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> Осы романға арнап әңгіме ретінде баяндалатын иллюстрациялар (1967, ксилография, суретші отбасының меншігінде) жасаған.
  • Абай тақырыбының «Абай» (1970, Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі мен Москвадағы Шығыс халықтары өнерінің мемлекеттік музейінде, Қазақстан Республикасы көркем сурет көрмесінің қоры)
  • «Жас Абай» линогравюраларында одан әрі дамытылды (1969, бұлда сонда).
  • «Абай» атты топтамасы
    • «Көктем»
    • «Жаз»
    • «Күз»
    • «Қыс»
    • «Құрылу» деген тұрмыстық бейнелерді баяндайтын парақтардан тұрады.

Қисамединовтың басты туындыларының бірі - «Абай» портретінде ақын киіз үйдің айқара ашылған есігінен шығып келе жатыр. Иығына шапан жамылған ақын тұлғасы көрнекті, иілген есік жақтаулары ұлттық өрнекпен көмкеріліп, шығармаға асқақ сезім мен монументтік қалып береді.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер