Мағрипа Құспанқызы Орашева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мағрипа Құспанқызы Орашева (12. 3. 1932 жылы туған, Атырау облысы, Индер ауданы) — педагогика ғылымы кандидаты (1973), доцент (1977). Гурьев педагогикалық училищесін (1953), Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген (1958). 1958—1960 ж. қазақ тілі мен әдебиетінен мектепте сабақ берді. 1960 жылдан Гурьев педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті, педагогика және психология кафедраларында жұмыс істеді. Академик I. Кеңесбаевтың жетекшілігімен "Қазақ мектептерінің Ү-Х кластарында орыс тілінен енген кірме сөздерді қабылдау әдістері мен тәсілдері" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады (1973). Ғылыми-педагогикалық журналдар мен тақырыптық жинақтарында 10-нан астам мақалалар жариялады. Қазір орыс тілі мен қазақ тілінің бір-біріне әсері және қазақ мектептеріндегі орыс тілін оқыту мәселесімен шұғылданып жүр.

Шығармалары:

  • Методы и приемы усвоения заимствованных из русского языка слов учащимся Ү-Х классов казахской школы. АКД., Фрунзе, 1972;
  • Орыс тілінен енген сөздерді меңгерудің тиімді жолдары: Сегіз жылдық жоне орта мектептердің мұғалімдеріне арналған көмекші кұрал. А.,1973.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}