Мағауия Әлімханұлы Ермеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым

Мағауия Әлімханұлы Ермеков (01.09.1921 ж., 6-ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы - 2006 жыл, Қарағанды ) – геология-минералогия ғылыдармының докторы (1968), профессор (1970), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспонденция мүшесі (1983).

Қазақ тау-кен металлургия (1950, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) институтын және осы институттың аспирантурасын (1958) бітірген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қарағанды қаласындағы «Қазақкөміргеология» тресінде геолог, аға геолог, топ жетекшісі (1950–57), Қазақстан Ғылым Академиясының Қарағанды қаласындағы химия-металлургия институтында кафедра меңгерушісі (1958–63) және Қазақ тау-кен өнеркәсібінің қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі (1963–70), Қарағанды политехникалық институтында (1970–89, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1989 жылдан осы институттың профессоры.

1967 ж. «Газоность угленосных отложений и газообильность шахт Карагандинского бассейна» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми еңбектері көмір алаптарындағы газды қабаттарды барлау, онымен күрес жүргізу мәселелеріне арналған. Қарағанды көмір бассейнінің газды<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> қабаттарының картасын жасаған. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.

Сыртқы сілтемелер

http://www.inform.kz/kaz/article/2208204

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мағауия Әлімханұлы Ермеков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}