Маясары Жапақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жапақов Маясар (1889-1965)


Жапақов Маясар (1889-1965), төкпе ақын. Шет ауданы түлегі. Жастайынан өлең шығарып, домбырамен ән салған. Ыбырай, Мәди, Мұхит тәрізді әнші-ақындарды ұстаз тұтқан. Жапақов Кеңес өкіметі кезіңде Қарағанды кеншілерінің өмірі мен еңбегін жырлаган акын ретінде танылды. Ұлы Отан соғысы кезінде «Атыңнан атам қазақ айналайын» деген патриоттық толгауы қазақ жауынгерлері арасына кең тарады. 1943 жылы Болман, Нұрлыбек ақындармен, 1961 жылы республикалық акындар айтысында Көшен, Қайып т.б. ақындармен, өнер сайысқан. «Октябрьге», «8 мартқа», «Мәскеуге», «Г.Титовқа», «Сайлау күніне» деген өлеңдер, Ұлы Отан соғысына арналған жырлары бар. Жапақовтан кезінде Шортанбайдың «Қаракесек» , «Ағыбай батыр» дастандары мен өлеңдері, сондай-ақ «Шөже мен Кемпірбайдың айтысы», «Шал мен қасқырдың айтысы» атты ауыз әдебиетінің үлгілері жазылып алынды. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}