Махмұтқали Қалдаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалдаров Махмұтқали (3.11.1933 ж.т., Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті) – ғалым, геология-минералогия ғыл. докторы, (1995), профессор.

Орта Азия (Ташкент) мемлекеттік ун-тін (1955), Түрікменстан ҒА Геология ин-ты аспирантурасын (1964) бітірген.

1955 – 58 жылдары Солтүстік Қарақұм аймағындағы Заунгуз (Түрікменстан) гидрогеология партиясында қызмет істеді. 1961 – 64 жылдары Түрікменстан Ғылым Академиясының Шөлдер және геология институтында ғылыми қызмет атқарды. 1965 – 72 жылдары Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтында кафедра меңгерушісі, 1972 – 75 жылдары осы институттың гидромелиорация факульттінің деканы, «Су жүйелерін пайдалану» кафедрасының доценті болған.

1994 жылдан Тараз мемл. ун-тінің профессоры.ҚР Жоғарғы Аттестациялық комиссиясында эксперттік кеңес мүшесі. 100-ден аса ғылыми еңбектің, 4 монографияның, бірнеше оқу құралдарының авторы.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Негізгі еңбектері Солтүстік Қарақұмда тұщы су көздерін ашуға, Зеравшан дариясының шөгінділерін табуға (оған «Қалдар топырақтары» деген ат берілген), Арал бассейнінің экологиялық жағдайын, Қызылқұм аймағының жерасты суларын зерттеуге, Сырдария өңірін гидрогеологиялық аудандарға бөлуге, Тараз қаласы жерасты суларының химия өнеркәсіптер салдарынан ластану мәселелерін анықтауға арналған. Қалдарұлы 120-дан астам ғылыми еңбек және 3 оқулық жазған.


Дереккөздер

<references/>