Материалдық жауапкершілік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Материалдық жауапкершілікеңбек құқығы бойынша жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы бір-біріне келтірген зиянды өтеу міндеті. Жұмыскерге келген зиян жұмыс барысында жарақат алудың, денсаулықтың зақымдануының, нашарлауының салдарынан еңбек қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқандықтан алып жүрген табысынан және емделуге жұмсаған шығындарынан тұрады. Өз кезегінде еңбек шарты бойынша жауапкершілігіне алған мүліктің заңсыз, басқа біреудің иелігіне кетуі, талан-таражға түсуі немесе бүлінуі бұл шығынды жұмыскердің өтеуіне апарып соқтырады. Өтемнің көлемі нақты жағдайдың мәнісіне, жұмыскердің қаншалықты кінәлі екендігіне қарай анықталуы мүмкін.
Азаматтық құқықта міндеттемені бұзғаны үшін мынадай жауапкершілік түрлері бекітілген:

  • құқығы бұзылған тараптың залалдарын өтеу,
  • айып төлеу,
  • кепілпұл сомасын төлеу,
  • моральдік зиянның орнын толтыру.

Кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірім біреуге зиян келтірсе, оны өз есебінен өтеуге міндетті, ал қаражаты болмаса не жетпесе, қосымша жауапкершілікке ата-анасы тартылады. Борышкер адам еркінен тыс күштердің салдарынан міндеттемені орындауға мүмкіндік болмағандығын дәлелдеген жағдайда ғана жауапкершіліктен босатылады. Б. Базарбаев

<ref name="test">Қазақ Энциклопедиясы, 6 том</ref><ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Материалдық жауапты адам

Еңбек заңдары бойынша — нормативтік актілер мен шарттарға сәйкес, есеп арқылы өзіне сеніп тапсырылған құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпеу нәтижесінде келтірілген залал үшін толық материалдық жауапкершілік артылатын қызметкер. Толық материалдық жауапкершілік артылатын адамдар тобына, жауапкершілік заңнамамен тағайындалады.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Economy-stub