Мар Владимирович Сулимов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мар Владимирович Сулимов (28 қараша 1913, Мәскеу3 ақпан 1993, Санкт-Петербург) – режиссер, театр суретшісі, педагог, Карелияның еңбек сіңірген артисті (1950) және Қазақ КСР-інің халық артисті (1973).

Өмірбаяны

  • Мәскеудегі Мемлекеттік театр өнері институтының режиссер факультетін (педагогтары Ф.Н. Каверин мен В.Г. Сахновский) бітірген (1939).
  • 2-дүниежүзілік соғыс жылдары Мемлекеттік театр өнері институтының майдан бригадаларын басқарды.
  • 1946 – 55 жылдары Петрозаводск орыс драма театрында режиссер, әрі суретші болып, бірқатар спектакльдерді қойды, оның біразын өзі театр суретшісі ретінде безендірді.
  • 1957 – 59 және 1969 – 74 жылдары Алматы қаласында тұрып, Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының көркемдік жағын басқарды. Мұнда орыстың классикалық драматургиясымен қатар Н.И. Ановтың “Мұрагерлер” (1958), Ановпен өзі бірлесіп жазған “Yміт оты жарқырайды алдымда” (1970) секілді спектакльдерді қою арқылы театр ұжымының шығармашылық жағынан өсу жолына үлкен үлес қосты.
  • 1975 жылдан негізінен педагогикалық қызметпен шұғылданды: Санкт-Петербургтің мемлекеттік театр және кино институтында (1982 жылдан профессор) режиссурадан сабақ берумен бірге театрда спектакльдер де қойды.

Марапаттары

  • Еңбек Қызыл Ту ордені
  • медальдармен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}