Мария Павловна Васягина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мария Павловна Васягина (14 желтоқсан 1929 жылы, қазіргі Мордовия, Краснослободск ауданы, Синяково деревнясында)биология ғылымдарының кандидаты (1959 жылы).

Қазақ Мемлекеттік Университетін (1952 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті) бітірген. 1956–88 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Ботаника институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1956–88 жылдары), бөлім меңгерушісі (1976–86 жылдары) болды. Оның негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері микология мәселелеріне арналған. Васягина Қазақстанда өсетін саңырауқұлақтардың таралу тәртібіне талдау жасап, микрофлораның республика жерінде қалыптасу тарихын зерттеді. Саңырауқұлақтардың 88 туысы, 607 түрі, 125 формасына ғылыми сипаттама берді. Васягина саңырауқұлақтардың әр түрлі жүйелілік жіктелімін салыстыра отырып, 126 жаңа түрін анықтады. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1987 жылы).<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>

Шығармалары

  • "Низшие грибы и миксомицеты (phycomycetes et myxomycetes)", М.П. Васягина, И.Н. Головенко, З.М. Бызова; Академия наук Казахской ССР, Институт ботаники. - Алма-Ата: Наука Казахской ССР, 1977. - 348 с.: рис., табл., ил. - Библиогр.: с. 328-339. - 700 экз. - 3 р. 51 к.;
  • “Сумчатые грибы, ч. 2 : Локулоаскомицеты (loculoascomycetes)“, М.П. Васягина, З.М. Бызова, М.А. Тартенова; Академия наук Казахской ССР, Институт ботаники. - Алма-Ата: Наука Казахской ССР, 1987. - 296 с. : рис., табл. - Библиогр.: с. 278-279 . - 700 экз. - 3 р. 30 к.;
  • "Мучнисто-росяные грибы", М.П. Васягина [и др.]; Академия наук Казахской ССР, Институт ботаники. - Алма-Ата: Издательство Академии наук Казахской ССР, 1961. - 460 с.: ил., рис., табл. - Библиогр.: с. 436-445 . - 1600 экз. - 2 р. 60 к.;
  • "Флора споровых растений Казахстана", Васягина, Мария Павловна; Алма-Ата: Наука КазССР, 1987;

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мария Павловна Васягина|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}