Маргарита Шаяхынқызы Өмірбекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Маргарита Шаяхынқызы Өмірбекова (9.01.1963 жылы туған, Қарағанды облысы, Теміртау ауданы) — тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты (1996).

12 кітап (энциклопедия, моногрфия, оқулық, оқу құралы) пен 90-дай ғылыми мақалалардың авторы. ҚазМҰУ-дің филология факультетін бітірген, филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспиранты (01.11.1992 - 01.11.1995). Филология ғылымдарының кандидаты (15 наурыз 1996 жыл). Мәдениеттану доценті (22 маусым 2009 жыл). Академик М.С. Серғалиевтің жетекшілігімен «Қазіргі қазақ тіліндегі ою-өрнекке байланысты лексика» (мамандығы 10.02.02 - қазақ тілі) атты кандидаттық диссертациясын қорғаған. Профессор, ф. ғ. д. Т. Х. Ғабитовтың жетекшілігімен «Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің мәдени рәміздік негіздері» атты докторлық диссертация жазылды. «Көшпенділер мәдениеті» (Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің мәдени рәміздік негіздері). Салт дәстүр және әдет - ғұрып. Этнографиялық киімдер. Қолөнер. Зергерлік бұйымдар.Ою-өрнек. Көне маталар. Табиғи бояулар. Монография 2010 жылы жарық көрді.

  • 1995-1996 жылдары ӨКБ «Қазбілімжабдықтаудың» бас директорының баспа саласы бойынша орынбасары.
  • 1996-1999 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспасының директоры.
  • 2000 - 2012 жылдары Баспаның бас редакторы, журналист, оқытушы.
  • ҚазМҰУ-дің филология факультетін сырттай бітірген.
  • Осы университеттің аспиранты (1991—1994).
  • 1994—1997 жылдары Білім министрлігінде бөлім меңгерушісінің орынбасары.
  • 1995-1996 жылдары ӨКБ «Қазбілімжабдықтаудың» бас директорының баспа саласы бойынша орынбасары
  • 1996-1999 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспасының директоры.
  • 1996 жылдары профессор М. С. Серғалиевтің жетекшілігімен Қазақ ою-өрнектері атаулары туралы кандидаттық диссертациясын қорғаған.
  • 2000 - 2012 жылдары Баспаның бас редакторы, журналист, оқытушы.

Өмірбекова Маргарита Шаяхынқызы төмендегі авторлық жобалардың ғылыми жетекшісі:

  • 2009-2011 жылдары Стратегиялық ұлттық жоба «Мәдени мұра» аясында «Былғары, күдері, киіз, жүн материалдары мен ежелгі көшпенділердің (сақ (скиф), ғұндар, түркілер) киімдерін» қайта қалпына келтіру атты ғылыми жоба бекітілді.
  • 2005 25.05 - Ә.Қастеев атындағы мұражай «Қазақстан петроглифтері мен сақ коллекциясы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
  • 2005 15.12. Тұңғыш Президент музейінде «Көшпенділер коллекциясы» атты ғылыми көрме ұйымдастырылды.
  • 2011 15.11. Тұңғыш Президент Қоры «Евразия террториясындағы көшпенділердің мәдениеті» атты ғылыми конференция өткізілді.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}