Марат Хасенұлы Мұсабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Мұсабаев Марат Хасенұлы 1941 жылы 30 шілдеде Қарағанды қаласында туған. Қазақ.

Әкесі - Мұсабаев Хасен Байкелеұлы, теміржолшы. Анасы - Мұсабаева Магрой Әбдірахманқызы, батыр-ана. П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінің вокал факультетін бітірген (1964), хор және ансамбль солисі.

Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1960 жылдан бері - Жамбыл атындағы филармонияның Мемлекеттік хор капелласының солисі. 1998 жылдан бері - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі. «Еңбекардагері» медалімен марапатталған (1987). ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1987).

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу, бейбітшілік және келісім». Сүйіп оқитын әдебиеті - музыка әдебиеті.

Үйленген. Жүбайы - Мұсабаева Амантай Малғаджарқызы. Ұлдары - Мұсабаев Алтай, Мұсабаев Талғат.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub