Марат Нығметжанұлы Мұхаметжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Марат Нығметжанұлы Мұхаметжанов (1940-1981), биоорганикалық химия, табиғи қосылыстар химиясы саласындағы белгілі ғалым, химия ғылым кандидаты (1971).


Қазақ мемлекеттік медицина институтын бітірген (1962). Целиноград медицина училищесінің мұғалімі (1962-65), Целиноград медицина институтының бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасының ассистенті (1965-1972), ҚарМУ-дің аға оқытушысы, органикалық химия кафедрасының доценті (1972-77). 1977 жылдан ҚазКСР ҒА Химия-металлургия институтының гербицидтер зертханасының меңгерушісі. ҚарМУ-ге академик Е.А. Бөкетовтің шақыруымен келген, Орталық Қазақстанда табиғи қосылыстар химиясының негізін қалаушы. 40-қа жуық ғылыми еңбектің авторы. Ғылыми еңбектері табиғи және физиологиялық белсенді қосылыстар химиясына арналған, атап айтқанда, Фитохимия ғылыми-өндірістік орталығын ұйымдастыруға негіз болды.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}