Марат Мамутұлы Маметбақиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Марат Мамутұлы Маметбақиев 1949 жылы 7 маусымда Алматы облысында туған. Үйғыр. Әкесі - Маметбақиев Мамут Сауытұлы (1927-1999). Ана- сы - Маметбақиева Патигүл, зейнеткер.

П.И. Чайковский атындағы Мемлөкөттік музыкалық училищесінің вокал, жеке дауыста ән айту факультетін бітірген (1974), солист-вокалисі.

Өзбек, қазақ және орыс тілдерін біледі. 1973 жылдан бері - Қ. Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының солист-вокалисі. «Яшлық» ВАА құрамында Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын иеленген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі (1999). Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы.

Әскери атағы - кіші сержант. Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Барлығы да адамдар өмірін жақсартуға алып келе жатыр. Барлығы да ауқатты болады». Хоббиі - футбол ойнау, гүл өсіру. Сүйіп оқитын әдебиеті - өнер жайлы кітаптар. Үйленген. Жұбайы - Маметбақиева Қалбинүр Ақпарқызы, кәсіпкер. Ұлдары - Бахтияр, Шухрат, Ділмұрат; қызы - Саида.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub