Марат Жақыпұлы Бітімбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Марат Жақыпұлы Бітімбаев (18 тамыз 1940 жылы, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында туған) – техника ғылымдарының докторы (1994 жылы), профессор (1995 жылы).

Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық техника университеті) бітірген (1962 жылы). 1962–84 жылдары Ащысай полиметалл комбинатында кен шебері, кеніш бастығы, директордың орынбасары, директор (1987–91 жылдары), 1984–87 жылдары Ертіс полиметалл комбинатының бас инженер, директоры, 1991–94 жылдары ҚР Өнеркәсіп министрінің орынбасары, 1994–97 жылдары ҚР Геологиялық және жер қойнауын қорғау министрінің орынбасары, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК бас менеджері болған. 1999 жылдан Тау-кен институтының директоры. 2000 жылдан - Д.А. Қонаев атындағы Кен ісі институтының ректоры. 2002 жылдан - «Шалқия Мырыш» ЖШС, «Мерейтой» ЖШС бас директорының орынбасары. 2005 жылдан бері - «Data Invest» ЖШС бас менеджері басқарма мүшесі.


«Технология выписки руды из целиков при повторной разработки обширных пластообразных рудных залежей с устойчивой кровли» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми зерттеулері кен өндіру технологиясын жетілдіруге арналған. Бітімбаев тиеме-жеткізбелік кешендер мен оларды жер асты кен жұмыстарында қолданудың технология тәсілі арақатынасын теория тұрғыдан негіздеп, Мырғалымсай кенішінде жүзеге асырды. Шығынға шығарылған баланстық қорларды қайта өңдеудің қауіпсіз әдістерінің теория негіздері мен технология құралымын жасады.

77 авторлық куәлік пен 5 патент иегері. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref> «Құрмет белгісі» (1981), «Құрмет» (2006) ордендері, «Ерен еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жып толуы құрметіне» (1970), «Еңбек ардагері» (1990), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медальдарымен, ХИА 15 жылдығы алтын медалімен (2006), ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1977), 3-ші 2-ші, 1-ші дәрежелі «Шахтер даңқы» құрметті белгілерімен марапатталған. Кентау қаласының құрметті азаматы. КСРО Министрлер кеңесі (1977), Ө.А. Жолдасбеков атындағы (2005), Ш.Е. Есенов атындағы сыйлықтардың лауреаты (2006).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}