Максим Сергеевич Раков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Медальдар Максим Сергеевич Раков (1986 жылы 7 ақпанда Қарағанды қаласында туған) - Қазақстан дзюдошысы.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

2002 жылдан бері дзюдомен айналысады.

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының 100 кг дейінгі салмақтағы қола жүлдегері (Оңтүстік Корея, 2002); Азия ойындарының күміс жүлдегері (Катар, 2006); дзюдодан «Әлемнің супер кубогы» халықаралық турнирінің 2 мәрте жеңімпазы (Германия, 2006; Голландия, 2008); Азия Чемпионатының қола жүлдегері (Кувейт, 2007); 2012 жылы Германияның Дюсселдорф қаласында өткен әлемдік Гран Приде алтын ұтты.

Әлем кубогының күміс жүлдегері (Австралия, 2008); Азия чемпионы (Тайвань, 2009); дзюдодан әлем чемпионы (Голландия-2009), әлем чемпионатының вице-чемпионы (Париж-2011).

Дзюдодан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub