Ләйла Ақназарқызы Бекназар-Ханинга

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Ләйла Ақназарқызы Бекназар-Ханинга (6 ақпан 1960 жылы Алматы қаласында туған) — қазақстандық актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының және М.Горький атындағы мемлекеттік орыс драма театрының актрисасы. Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры.

Жалпы мәліметтер

Ләйла Ақназарқызы 1960 жылы Алматы қаласында туған. 1977-1981 жылдары Алматы көркем театр институтында КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Хадиша Бөкееваның шеберханасында оқып. «Драмалық театр және кино артисі» мамандығын тәмамдады. Сол жылы М. Әуезов атындағы Академиялық драма театрының құрамына алынды.

  • Әуезов театрындағы ойнаған рөлдері:

Қара шаңырақтағы алғашқы рольдері: Т. Ахтанов «Жоғалған дос» – Ғалия, С. Сматаев «Жұлдызым менің жоғары» – Шолпан, Б. Мұқай «Тоят түні» – Баян, М. Әуезов «Айман-Шолпан» – Шолпан, И. Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?» – Әйгерім, «Шыңғыс хан» – Құлан, У. Шекспир «Асауға тұсау» – Катарина, Б. Атабаев, А. Тасымбеков «Кебенек киген арулар» – Жания, Володин «Кесіртке» – Әнші, Е. Аманшаев «Сұлтан болсам егер мен» – Зарина, т.б.

  • Астана театрының сахнасында: А. Чеховтың «Ваня ағай» – Елена Андреевна; Ә. Нүрпейісов «Қан мен тер» – Ақбала; М. Әуезов «Қара Қыпшақ Қобыланды» – Қарлыға, «Айман-Шолпан» – Теңге; М. Шаханов «Шыңғысханның соңғы күндері» – Ақерке; Д. Исабековтың «Алтын тордағы тоты» – Актриса; Ж. Мольер «Тартюф» – Дарина; Е. Жуаcбек «Үйлену» –Дерекгүл, «Сен үшін» – Әйел; Ж.М. Шевре «Ізгілік формуласы» – Маривонн, С. Мұқанов, Ш. Уәлиханов «Шоқан» – Зейнеп секілді көптеген рольдерді сомдады.
  • «Қазақфильм», «Мосфильм», «Қырғызфильм» киностудияларында киноға түскен.

Еңбек жолы

Марапаттары

Жеке өмірі

Жұбайы: театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Юрий Иванович Бекназар-Ханинга.