Ләзиза Имашева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ләзиза Имашева — "Аударма" баспасының редакторы.

1974 жылы қазіргі Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған), Кербұлақ ауданы, Жоламан ауылында туған. 1999 жылы Алматы халықаралық Журналистика институтын бітірген. 2002 жылы "Шабыт" фестивалінде үшінші, 2003 жылы Ғабиден Мұстафиннің 100 жылдық мерейтойына арналган бәйгеде жүлделі екінші орынды жеңіп алды.

Әңгімелері 2004 жылы жас жазушылардың "Көк күмбез", 2005 жылы "Жалын" баспасынан жарық көрген "Жас толқын" жинақтарына енген. 2002—2004 жылдары республикалық "Қазақстан әйелдері" журналында қызмет етті. 2004 жылдан "Аударма" баспасында редактор.<ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}