Людмила Дәулетқызы Дегетаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дегетаева Людмила Дәулетқызы (8.1.1946 жылы туған, Ресей, Волгоград облысы, Степановка селосы) — мәдениет қайраткері.

Жәнібек орта мектебінде 8-сыныпты бітіріп, Ақтөбе мәдени-ағарту училещесінде оқыған. 1971 ж. Қазақ мемлекеттік қыздар педогогика институтын бітірген. Жәнібек ауданы кітапхана меңгерушісі (1963-68), 1971-87 ж. комсомол, партия қызметкері, 1987-91 ж. ҚКП ОК-нің кеңесшісі, 1991-96 ж. ҚР Президенті аппаратының сектор меңгерушісі, бас сарапшысы, 1996-97 ж. Президенттің жеке мұрағатының (бұрынғы Партия тарихы) меңгерушісі, ҚР Президенті әкімшілігі жалпы бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

1997 жылдан ҚР Президенті мұрағатының директоры, Дегетаева — "1931-33 жылдардағы Қазақстандағы аштық және күштеп ұжымдастыру" (1998), "Қазақстандағы 1931-33 жылдардағы саяси зобалаң" (1998), "Ораз Жандосов. Құжаттар мен публицистика" (1999), "Қазақстандағы 1936-56 жылдардағы поляктардың тарихы" (2000), "Левон Мирзоян Қазақстанда" (2001) кітаптарының жауапты редакторы.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}