Литостатикалық тепе-теңдік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Литостатикалық тепе-теңдік. Жер қойнауының кез-келген нүктесіндегі қысым мөлшері сол нүкте деңгейінің үстіне орналасқан таужыныстар бағанының салмағымен анықталатындығынан туындайтын қатты жер болмысының немесе оның жекелеген бөліктерінің өзіндік жағдайы. Литостатикалық тепе-теңдік түсінігі негізінде жер қойнауының нақтылы тереңдіктеріндегі қысым мөлшерін есептеп шығаруға болады. Литостатикалық тепе-теңдік түсінігінің физикалық мәні гравитациялық сығымдау күші жер қойнауының әрбір нүктесінде өзіне сәйкес келетін кысым мөлшерімен теңдеседі деген тұжырымға саяды. Бұл тұжырым қатты жер болмысының статикалық жағдайында ғана дұрыс деп есептелінеді. Алайда планета қойнауларында сан түрлі процестер болып жататындығы белгілі, ал мұның өзі Жер планетасының статикалық жүйе емес, динамикалық жүйе екендігін дәлелдейді. Сондықтан да аталған процестерді зерттеу барысында Литостатикалық тепе-теңдік зандылығына негізделген есептеулерді қолдану мүмкіндігі шектеулі болатындығы түсінікті.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}