Лидия Николаевна Сарычева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Лидия Николаевна Сарычева.JPG
Лидия Николаевна Сарычева

Лидия Николаевна Сарычева

1958 жылы 28 мамырда РКФСР Алтай өлкесі Мамонтов ауданының Малые Бутырки ауылында туған. Неміс.

Анасы - Эндерс Эмма Германовна, зейнеткер, ұжымшарда жұмыс істеген.

Қостанай педагогикалық училищесін (1977) бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша; Қостанай педагогикалық институтының тарих және педагогика факультетін (1991) тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

«Біз және біздің балаларымыз», «Білім беру сапасының мониторингі», «Мектеп алдындағы дайындыққа 5 жыл - проблемалар, ізденістер, шешімдер», «Жаңа ұрпақ оқулықтары - мәселелері, ізденістер, шешімдер», «Мектептің денсаулық сақтау ортасы бастауыш мектеп оқушысы тұлғасын дамытудың құралы ретінде», «Мүмкіндіктер шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеумен дамуын ұйымдастырудың оңтайлы шарттарын құру», «Жалпы білім беретін мектептегі этнотолерантты ортаны құрудың бағдарлары» мақалаларының авторы.

Орыс және неміс (сөздікпен) тілдерін біледі.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі.

1977 жылдан - Қостанай облысы Камышнин ауданының Ливановск ОМ бастауыш сынып мұғалімі. 1978 жылдан - Қостанай қаласының №1 ОМ бастауыш сынып мұғалімі. 1990 жылдан - Қостанай қаласының №5А бастауыш мектебінде директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі.

1998 жылдан бері - Қостанай қалалық №5А бастауыш мектебінің директоры.

Қостанай қаласы әкімінің (2007), Қостанай облысы әкімінің (2009) грамоталарымен марапатталған. ҚазКСР Ағарту ісінің үздігі (1990).

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан - өркендеген және дамушы мемлекет».

Хоббиі - саяхат жасау.

Сүйіп оқитын әдебиеті - ғылыми, публицистикалық, психологиялық романдар.

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Сарычев Виктор Иванович (1956 жылы туған), күзет мекемесінде жұмыс істейді. Қыздары - Васильева Елена Викторовна (1978 жылы туған), Устинова Надежда Викторовна (1981 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}