Леонид Алексеевич Мельников

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Леонид Алексеевич Мельников 1945 жылы 16 қарашада РКФСР Белград облысы Валуйки қаласында туған. Орыс. Анасы - Мельникова Алевтина Ивановна (1907-1997), хирург болып жұмыс істеген.

Абакан мемлекеттік педагогикалық институтының шет тілдері факультетін бітіргөн (1968), француз және неміс тілдерінің оқытушысы; Гнесиндер атындағы Мәскеу музыкалық-педагогикалық институтының вокал факультетін бітірген (1976), опера әншісі, концерттік-камералық орындаушы, оқытушы.

Орыс, француз, неміс және итальян тілдерін біледі. 1968-1971 жылдары - Абакан мемлекеттік педагогикалық институты шетел тілдері кафедрасының ассистенті. 1976 жылдан - Алтай өлкелік музыкалық комедия театрының солист-вокалисі. 1980 жылдан бері - Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының солист-вокалисі.

Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалімен; Мәдениет комитетінің, Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің қүрмет грамоталарымен марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1996). Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Гүлденген республика». Хоббиі - радиоэлектроника. Сүйіп оқитын әдебиеті - орыс, отандықжәне шетел класси- касы, фантастика, ғылыми әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Мельникова Надежда Леонидовна, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының балет және сахна қозғалысы репетиторы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}