Левон Исаевич Мирзоян

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мирзоян Левон Исаевич (1897 жылы, Гянджа губерниясы, Шушинск уезі Ашан ауданы (қазіргі Әзірбайжан Республикасы, Таулы Қарабақ) – 26.2.1939) – мемлекет қайраткері. ұлтыармян. 1912 жылдан Бакудегі төңкерісшіл қозғалысқа қатысты. 1917 – 18 жылдары Баку Кеңесінің мүшесі болған. 1918 жылы 31 шілдеде Бакуде Кеңес өкіметі құлағаннан кейін Закавказьеде жасырын жұмыс жүргізген. 1920 – 25 жылдары кәсіподақтардың Әзірбайжан Кеңесінің төрағасы, Әзірбайжан КСР Еңбек Халкомы, 1925 – 29 жылдары Әзірбайжан Коммунистік партиясы ОК-нің хатшысы қызметінде болды. 1929 – 33 жылдары БК(б)П Пермь округі кенесінің, Орал облысы кенесінің 2-хатшысы болған. 1933 жылғы қаңтардан БК(б)П Қазақ Өлкелік партия кенесінің, 1937 жылы маусым – желтоқсан аралығында Қазақстан Коммунистік партиясы ОК-нің 1-хатшысы қызметінде болды. Қазақстанда 1931 – 33 жылы Ф.Голощекин ұйымдастырған ашаршылық салдарын жою мақсатында жүргізген шаралары үшін қазақ халқы оны “мырзажан” деп құрмет тұтқан. Мирзоян басшылық еткен кезеңде Қазақстан мәдениеті алға дамыды. 1934 жылы ҚазМУ ашылды, 1936 жылы. Мәскеуде Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті, 1938 жылы алғашқы қазақ кино туындысы “Амангелді” жарыққа шықты. 1936 жылы Қазақ АКСР-і РКСФР құрамынан шығып, жеке одақтас республикаға айналды. Ол саяси қуғын-сүргінге ұшырап КСРО Жоғарғы Соты әскери алқасының шешімімен ату жазасына кесілген. 1955 жылы 10 қарашада ақталды. Ленин орденімен марапатталған. Алматы көшелерінің бірі Мирзоян есімімен аталады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 6 том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Leaders CP of Kazakhstan {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}