Лашқар Есенқұлұлы Тәжібаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Лашқар Есенқұлұлы Тәжібаев (20.08.2015, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Қарақия ауылы - 1996) - гидротехника, мелиорация және сумен қамтамасыз ету саласының маманы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қаз.КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Қызмет жолы

Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысты. Бейбіт еңбекке оралысымен Қаз.КСР су шаруашылығы министрлігінде басқарма бастығы, Қаз.КСР министрлер кеңесінде аға референт, бөлім бастығы, сондай-ақ ВАСХНИЛ Қазақ филиалы республикалық тәжірбие-мелиоративтік станциясының директоры болып қызмет атқарды. 1952 жылдан Қазақтың ауыл шаруашылық институтында қызмет істейді. 1961-1963 ж. Су ресурстарын қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы қызметін қоса атқарды. 1963-1996 жылдары - Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының «Гидротехника және мелиорация» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Ғылыми жұмысы

Оның ғылыми еңбектері негізінен егістік жерлерді суландыру және сумен қамтамасыз ету, мәдени жайылымдарды жақсарту процестерін механикаландыру әрі автоматтандыру т.б. арналған.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1977 ж. 10 том</ref> «Водные ресурсы и схемы водоснабжения сельскохозяйственных территорий» (1963г.), «Основы водоснабжения сельскохозяйственных районов Казахстана» (1970ж.), «Автоматизированное культурное пастбище» (1987ж.), «Основы гидравлики и гидромеханизации сельскохозяйственного производства» (1986ж.), «Ауыл шаруашылық тұтынушыларын сумен қамтамасыз ету және жайылымдарды суландыру» (1992ж.) атты еңбектері жарық көрген.

Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

2003 жылы Қазақтың ұлттық аграрлық университетінің «Гидротехника және мелиорация» кафедрасына профессор Лашқар Есенқұлұлы Тәжібаевтің аты берілген. <ref>ТӘЖІБАЕВ ЛАШҚАР ЕСЕНҚҰЛҰЛЫ</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер