Лаврентий Игнатьевич Таран

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лаврентий Игнатьевич Таран(1892,Қостанай уезі, Федоров болысы, Назаровка поселкісі.,-1919 ж. мамыр, Торғай)- Қостанайда Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысқан большевик. Шаруа семьясында туған. Қазан социа революциясының алғашқы күндерінен- ақ большевиктер жағында болды. 1917 ж. Омбы қалалық гарнизоны комитетінің секретары, 1919 ж. қаңтарда Қостанайда өткен шаруалар мен қазақтар сьезінің делегаты. Сьезде эсерлерге, меньшевиктерге және алашордашыларға қарсы күресті басқарып, делегаттарды большевиктер жағына шығаруда үлкен жұмыс атқарды. 1918 ж. Қостанайды ақ чехтар басып алғанда. Таран Қостанай түрмесіне қамалды. Түрмеден 1919 ж. 15 сәуірде Қостанай ақ гвардияшылардан азат етілген күні босатылды. Сол күні Соғыс революция кеңесінің құрамына сайланды. ОГсы кеңестің шешімі бойынша Таран басқарған партизан отряды Түркістан майданына қосылмақ болып, Торғайға аттанған. Отрядты алашордашылар алдап қолға түсіріп, Таранды азаптап өлтірген. Таран 1-2 сайланған шаруа, қырғыз және солдат депутаттары Кеңесінің Қостанай уездік аткомының предсадателі болды. Қостанай облысындағы бір ауданға, көшеге, мектепке Таран есімі берілген.

Қолданылған әдебиет

Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 554-555 бет