Лабақ күмбезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лабақ күмбезі - сәулет өнері ескерткіші. Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзені нің жағасында орналасқан. 1874 жылы шикі кірпіштен қаланған, іші мен сырты күйдірілген кірпішпен қапталып өрілген. Ескерткіштің ауданы 7,25x8,25 м, биіктігі 6,45 м. Кіре беріс есігі оңтүстік-батысында. Төрт бұрышты пішіннен дөңгелек күмбезге ұласу бұрыш қуыстары арқылы жүзеген асқан. Қабырғаларының дәл ортасында да осы секілді қуыстар жасалған. Лабақ күмбезінің көлемі, интерьердің 8 қуысы, сондай-ақ, кіре беріс ойықтағы қуыс төмен қарай сәл кеңи түскен. Күмбездің бұрыштары шығыңқы етіп екі қатар кірпіштен қаланған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}