Көшім хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көшім, Көшімхан (туған жылы белгісіз – 1598) – Сібір хандығының соңғы билеушісі (1563 – 1598), Шайбанидтердің алтын ордалық хандарының әулетінен. Мұртаза Бұқар билеушісінің ұлы, орыс құжаттары бойынша Түмен ханы Ибақтың немересі.

1563 ж. бұрынғы билеушісін Едігерді (Жәдігерді) құлатып Сібір хандығының тағына отырды. Елде алым-салықтың қатаң тәртібін орнатты. Көшіммен арадағы қақтығыс Хақназар хандығының кезінде жүргізіліп, Тәуекел хандығының кезінде жалғасты. Көшім әскері Солтүстік және Орталық Қазақстан аймағына бірнеше мәрте шабуыл жасады, бірақ оның бәрінде де жеңіліс тапты. Алайда Көшім Бұқар хандығымен, сондай-ақ қалмақ тойондарымен одақтасып, оңтүстігінде жерлерге шабуылын жалғастыра түсті. Көшім Русь мемлекетіне де дұшпандық көзқараста болды, сол кезде орыс мемлекеті Қазан және Астрхан хандықтарын жаулап алған болатын. Сібір хандығының қарсы тұру әрекетінің бәрі нәтиже бермеді. Көшім бірқатар жылдар бойы казак отрядтарының ығыстыруынан Есіл өңіріне, Орта Обь өзені бойына, Зайсан жағасына бас сауғалады. 1585 ж. 6 тамызда Ермак отрядына тұтқиылдан шабуыл жасап, талқандады.

1598 ж. орыстың тұрақты әскери отрядының уысынан шығып, Ноғай даласына кетті, ол ондағы шайқастардың бірінде қаза тапты, оның қалай өлгені туралы тарихшылар толық анықтай қойған жоқ.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}