Көшеней Рүстембекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көшеней Рүстембекұлы (22.8.1946, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ленин атындағы ауыл – 8.3.1973, Мәскеу) – жырау. 1968 жылы Қызылорда педагогикалық институтының филология факултетін бітірді. 1967 – 1970 жылдары Қармақшы ауданы Ақжар ауылында мұғалім, 1970 – 1971 жылдары Қазақстан ҒА-ның М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының стажер-зерттеушісі болған. 1971 – 1973 жылдары М.Горький атындағы әлем әдебиеті институтының халық шығармашылығы бөлімінде жұмыс істеді. Жыраулық өнерді ата-бабаларынан үйренген. “Көроғлы”, “Рүстем-дастан”, “Қобыланды”, “Алпамыс”, “Қыз Жібек”, т.б. эпостық жыр-дастандарды, қазақ ақындарының (''Базар жырау, Кете Жүсіп, Жиенбай жырау, Тұрмағамбет'', т.б.) шығармаларын жатқа айтып, ел арасына таратты. Көшенейдің орындауындағы “Көроғлы”, “Қобыланды” жырларының негізгі ерекшелігі – көне мақам-сазға құрылуы. Көшенейдің ақын ретіндегі шығармаларының біразы мерзімді баспасөз бетінде, “Қазақтың қазіргі халық поэзиясы” (1973), “Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы” (1975) атты жинақтарда жарық көрді. Оның “Қобыланды батыр” дастанын орындау кезінде пайдаланатын төрт түрлі музыкалық әуені нотаға түсірілді, 14 толғау, термесі күйтабаққа жазылып алынды. Көшеней “Құлагер” фильміне түсіп, Ақан сері баласының бейнесін сомдаған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref> <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}