Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев (3 маусым, 1938 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында туған) — экономист - ғалым, жоғарғы мектеп ұйымдастырушысы, қоғам және саяси қайраткер. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1996). ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Академигі, Экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Бірнеше Халықаралық және шетелдік ғылым академиясының академигі. Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Экономика Институтының аға ғылыми қызыметкері (2006 жылдан).

Толығырақ

1964 жылдан Алматы халық шаруашылық институтында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор қызметтерін атқарды. 1976 – 87 жылдары Қазақ КСР Жоғары және арнаулы орта білім министрінің орынбасары, министрі, 1987 – 90 жылдары Қазақстан ҒА Экономика институтында жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1990 – 91 жылы Қазақ КСР Министер Кеңесінің Экономикалық реформалар жөніндегі Мемлекеттік Комиссиясы төрағасының орынбасары. 1991 – 2001 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың ректоры, 2001 – 02 жылы ҚР Премьер-министрінің білім және ғылым саласы бойынша кеңесшісі. 2002 жылдан Алматы технологиялық университетінің оқу-әдістемелік мәселелері және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры. Нәрібаев бухгалтерлік есеп негіздері, оны ұйымдастыру, есеп ақпаратын өңдеу әдістемесі, экономикадағы ғылыми зерттеулер әдістемесі, халықар. экон. қатынастар, экономиканы басқару, білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша 260-тан астам ғылыми еңбектер жазды, оның 30-ға жуығы монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдары. Бірқатар еңбектері АҚШ,Англия, Германия,Франция, т.б. шет мемлекеттерде жарық көрді. 10 (1983) және 11 (1987) сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

  • 2000 ж. Англиядағы халықаралық Кембридж орталығында Нәрібаевқа “Халықаралық жыл адамы” деген құрметті атақ берді, 2001 жылы осы орталық оны халықаралық аса көрнекті 500 қайраткер – “ХХІ ғасырдың негізін қалаушылар” қатарына қосты.

Білімі

Ғылыми атақтары

Марапаттары

Әдебиеттер

Әдебиеттер: Есеп жұмыстарын механикаландыру, А., 1971; Организация и методология бухгалтерского учета в условиях АСУ, М., 1983; Менеджмент, А., 1998; Научно-технический прогресс и занятость: современные мировые тенденции, А., 1998; Методы научных исследований в экономике, А., 1999; Международные экономические отношения, А., 2001.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}