Көлбеу (тангенциалдық) тектоникалық қозғалыстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көлбеу (тангенциалдық) тектоникалық қозғалыстар. Жер қыртысы яки литосфера массаларының көлбеу бағытта жылжуын қамтамасыз ететін тектоникалық казғалыстар. Мұндай қозғалыстардың кеңінен етек алғандығын жер қыртысына тән сан алуан тау жынысы кешендерінің жаппай қатпарлану процесіне ұшырауы, алыс қашықтыққа жылжып кеткен жыртылу құрылымдарының жиі-жиі көрініс беруі дәлелдейді. "Континенттер (материктер) дрейфі" (тұтас материктердің немесе олардың ауқымды бөліктерінің алыс қашықтықтарға жылжып кетуі) және "спрединг" (мұхит түбінің көлбеу бағытта дәйім жылжып отыруы) процестері де осы қозғалыстардың арнаулы өкілдері болып табылады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}