Көбей Шахметұлы Хұсайынов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көбей Шахметұлы Хұсайынов (27.3.1945 жылы туған, Алматы қаласы) – тіл білімі маманы, филология ғылымдарының докторы (1988), профессор.

ҚазМУ-ды (1968, қазіргі ҚазҰУ) және Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институты ың аспирантурасын (1971) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1971–1978), ғалым-хатшы (1978–1982), аға ғылыми қызметкер (1982–1992), институт директорының орынбасары (1992–1995), директоры (1995–2009) болды. 2009 жылдан бас ғылыми қызметкер.

Ғылыми еңбектері қазақ тілінің келелі мәселелеріне арналған. «Қазақ тіліндегі атаулардың дыбыс бейнелеуіштігі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub