Кәсіптік мәліметтер бойынша қойнауқат өтімділігін анықтау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кәсіптік мәліметтер бойынша қойнауқат өтімділігін анықтау. Игеріліп жатқан қойнауқаттың өз бойынан мұнай өткізу қабілетін анықтау мақсатында жүргізілетін есептеулер жиынтығы. Бұл есептеулерге қажетті мәліметтер: ұңғыма дебиті және оған сәйкес келетін қысым депрессиясы; қойнауқаттың жалпы қалыңдығы және оның ұңғыма оқпаны тесіп өткен бөлігінің қалындығы; қойнауқаттық жағдайдағы мұнай тұтқырлығы, ұңғыма радиусы; ұңғыма мен қоректену шекарасы аралығының қашықтығы. Осы көрсеткіштердің мәнін Дюпюи формуласына қою арқылы зерттеліп отырған ұңғыма төңірегіндегі қойнауқат өтімділігі коэффицентінің орташа мөлшерін есептеп шығаруға болады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}