Кәсіподақтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кәсіподақтар - жаһандану процесінің белсенді мүшелері. Кәсіподақтар, бір жағынан, жалданбалы жұмысшылардың мүдделерін қорғайды, екінші жағынан, еңбек ресурстарының ғаламдық нарығында өз пайдаларына қаржылық түсімдердің артуы үшін күреседі. Кәсіподақтардың бүкіл тарихы осы үздіксіз күреске арналады. Осы күрестің барысында - жұмысшылардың еңбекақысын көбейту, жұмыссыздық деңгейін азайту, қамтылмаған жұмысшыларды кәсіподаққа тарту, жалақының уақытылы төленуі үшін күрес жүргізіледі. Кәсіподақтардың және жұмысшылардың бірлескен қаржылық, ұйымдастырушылық және басқа да мүмкіндіктері әлемнің барлық үкіметтері мен жұмыс берушілерімен кез кел¬ген мәселелерді шешудің ең күшті тетігі болып табылады. Кәсіподактар өз бастауын XVIII ғасыр соңынан, Батыс Еуропа мен АҚШ елдерінде әртүрлі кәсіп иелерінің бірлесуінен алады. Еңбек бөлінісі және капиталистік мекемелердің іріленуі, сонымен қатар жұмысшы қозғалыстарының қатар дамып, жұмысшылар мен қызметкерлерді өндірістік кәсіподақтар аясына топтасуына әкелді. XX ғасыр басында жалданбалы жұмысшыларды "бір мекеме - бір кәсіптік ұйым, бір сала - бір кәсіподақ" принципімен біріктірген кәсіподақтар бүкіл капиталистік әлем елдерінде кеңінен таралды. Тіпті, 1917 жылы кейін де екі қарама-қарсы лагерлерде кәсіподақтар құрудың өндірістік қағидаты үстемдік етті. XX ғасыр алғашқы жартысында капиталистік елдер үкіметтерінің капиталдың елден шығуын қысқартуға, елге құйылуына жағдай жасауға талпынысы өнеркәсіп өндірісінің күрт артуына алып келді. Жаһанданудың бұл айбатына кәсіподақтар Францияның Жалпыға ортақ еңбек конфедерациясын, Италияның Жалпыға ортақ еңбек конфедерациясын және өзге де жалпыұлттық кәсіподақтар бірлестігін құру арқылы жауап қатты. Сонымен қатар Кеңес Одағында өндірістік салалық кәсіподақтардың Орталық комитетке бағынуы тігінен ұйымдасқан, қатаң принципі орнықты. Облыстық, өлкелік аумақтар деңгейінде аумақтық кәсіподақтар құрылды. Капиталистік мекемелер транс-ұлттық корпорацияларға айналу жолындағы ең алғашқы қадамдарын халықаралық кәсіподақтар бірлестігіне мүшелік құқын қамтамасыз ету тұғырын қалыптастырудан бастады. 1945 жылы - Парижде Біріншіші Бүкіләлемдік кәсіподақтар конгресі өткізілді, онда Бүкіләлемдік кәсіподақтар федерациясын құру жөнінде шешім қабылданды. Алайда, о бастан-ақ ішкі кикілжіңдерге төтеп бере алмаған ол бытырап, бөлшектеніп кетті. Осылайша, бытыраңқылық нәтижесінде 1949 жылы Еркін кәсіподақтардың халықаралық конфедерациясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, өндірістік белгілеріне қарай халықаралық бірлестіктер де құрылған. Мысалы, Көлікшілердің халықаралық федерациясы, оның аймақтық және субаймақтық бюролары бар. Кәсіподақтардың дүниежүзілік федерациясы (КДЖФ) - Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін 1945 жылы 3 қазанда Парижде құрылған халықаралық ұйым. Алғашқы Америка еңбек федерациясынан басқа барлық елдердің кәсіподақтарын біріктірді. 1949 жылы Британия тредюниондары, АҚШ-тың өндірістік кәсіпорындары, т.б. Кейбір елдердің кәсіподақтары ұйымнан шығып кетті. КДЖФ-нің негізгі міндеттері: нәсіліне, дініне, діни және саяси ұстанымдарына, көзқарастарына қарамай, барлық жерлерде еңбекшілерге өз кәсіподақтарын құруына көмектесу, еңбекшілердің экономикалық және әлеуметтік құқын қорғау, баянды бейбітшілік үшін жұмыс істеу. КДЖФ-нің жоғары басқарушы органы - Кәсіподақтардың дүниежүзілік конгресі. Оларда Бас кеңес пен Атқарушы комитет сайланады. Бас кеңес - конгрестер аралығында, ал Атқарушы комитет Бас кеңес сессиялары аралығында басқарушы орган болып табылады.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кәсіподақтар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}