Кәрім Ақайұлы Ақаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақаев Кәрім Ақайұлы (1928 ж. Семей облысы, Аягөз ауданы, Бақанас ауылы- 1995, Алматы) - Қазақстан заңгері.

Бес жасынан жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленген. 13 жасынан бастап Талдықорған облысы, Сарқанд ауданындағы «Энергия» колхоздық ұжымында еңбекке араласып, колхозшы болған. 1944-1948 ж.ж. осы облыстың кеңес органдарында әртүрлі қызмет атқарады. 1952 жылы Алматы Заң институтын аяқтап, 1988 жылға дейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы, Министрлер Кеңесінің аппараттарында жауапты қызметтер атқарған. 1960-1989 ж.ж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Заң бөлімінің меңгерушісі болған кезде қабылданған Заң және нормативтік актілердің көпшілігі даярланып, қабылданды. Оның ішінде 1978 ж. Қазақ КСР-і Конституциясын дайындауға белсене қоғам қайраткері. Кәрім Ақаевтың ұзақ жылғы жемісті еңбегі жоғары бағаланып, оған «Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген заңгер» деген құрметті атақ берілді. Екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. 1995 жылы дүниеден өткен.<ref>Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының «Аягөз» энциклопедиясы. 1 том. «Көркем» баспасы, Алматы -2010 жыл</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер