Кәп Құмарұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кәп Құмарұлы1933 жылы 8 наурызда ҚХР-дың Алтай аймағының Көктоғай ауданында туған. 1955 жылы Моңғолияда мұғалімдер даярлайтын мектепті бітірген. Содан бастап мектептерде ұстаз болып қызмет еткен. 1992 — 1994 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Абыралы ауданындағы Қайнар ауылдық С. Бегалин атындағы мектепте, 1994 — 2005 жылдары Үржар ауданының Көкөзек орта мектебінде мұғалім болған. Қазір зейнеткерлік демалыста. Жасыңда айтыс ақыны болған. 1959 жылдан бері өлең жазады. «Қызыл ту», «Кәрібоз», «Таудай болғым келеді», «Қос қанат», «Қос ішек», «Арпа кер» деген кітаптары жарық көрген. «Халықтық педагогика-ұлттық қазына» атты оқу құралының авторы.

1992 жылы Баян-Өлгей аймағының «Маңдай алды озат ұстазы» атағына ие болған. Облыстық білім департаментінің «Құрмет» грамоталарымен марапатталған. Аймақтық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Ақ арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}