Кәкен Аханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox writer

Кәкен Аханов (2.5.1928, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Никитинка ауылы — 23.8.1978, Алматы) —тілтанушы, ғалым, филология ғылым докторы (1966), Қазақстан Ғылым Академиясыныңның кореспондент-мүшесі (1975). Қазақстан Мемлекеттік университетті бітірген (1950). Жоғары оқу орнында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, филолог факультетінің деканы қызметтерін атқарды. 1977 жылдан Алматы шетел тілдері педагогикалық институтынының ректоры болды. Ол қазақ тіл білімінің теориясы, методологиялық тұрғыдан жүйеленуі, негізделуі, сондай-ақ қазақ тілінің әлемдік тілдер арасындағы алатын орны мен ерекшеліктерін зерттеді. “Тіл білімінің негіздері” деген монографиялық еңбегі жоғары оқу орындарында негізгі оқулық ретінде қолданылып келеді. Ахановтың жалпы тіл білімі теориясын зерттеген ғылым еңбектері отандық тіл ғылымына қосылған бағалы үлес ретінде қабылданды. Ахановтың орта мектепке арналған “Қазақ тілі” оқулықтары ұзақ жылдар бойы жас ұрпаққа ана тілінің ғылым жүйесін меңгертуге қызмет етті.Жалпы тіл білімінің теориясын зерттеген ғылыми еңбектері отандық тіл ғылымына қосылған бағалы үлес болып табылады.1978 жылы Алматы қаласында дүниеден озды.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Шығармалары

  • Қазақ тілі лексикасының мәселелері, А., 1955;
  • Грамматика теориясының негіздері, А., 1972;
  • Тіл біліміне кіріспе, А., 1965;
  • Қазақ тілі грамматикасы, І бөлім. Фонетика мен морфология, 5-6 класс, А., 1961, 1974;
  • Тіл білімінің негіздері, А., 1973.

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}