Кәкей Жаңжұңұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кәкей Жаңжұңұлы (1947, Моңғолия, Баян-Өлгeй аймағы, Бұлғын ауданы — 1993, Завхан) — Моңғолия қазақтары арасынан шыққан ақын.

1971 жылы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 1982–1993 жылы Моңғолиядағы қазақ әдебиетінің бөлімшесін басқарды, әдеби «Шұғыла» журналының бас редакторы болды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Моңғолиядағы қазақ орта мектептеріне арнап әдебиет оқулығын дайындады, айтыс өнерінің қанат жаюына, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинауға үлес қосты. Моңғолия Жазушылар одағы сыйлы лауреаты (1986).

Шығармалары

  • “Жауқазын” (1972);
  • “Маусым” (1981);
  • “Жебе” (1986);
  • “Қош бол, көктем!” (1991);
  • "Мен Қазақпын".
  • Алтай қазақтарының арасынан шыққан ағартушы ақын Ахыт Үлімжіұлы шығармалар жинағын құрастырды (1991, 1994, Қ. Қалиасқарұлымен бірге).

Дереккөздер

<references/>