Кәдімгі қараторғай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Кәдімгі қараторғай (лат. Sturnus vulgaris)<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> - торғайтәрізділер отряды, қараторғай тұқымдастарға жататын сайрауық құс.

Биологиялық сипаты

  • Дене тұрқы 22 см-дей. Қанатын жайғандағы ұзындығы шамамамен 10 см, құйрығының ұзындығы 7 см-дей.
  • Мекиені қоразынан кішірек болады.
  • Көктемде қауырсыны қара түсті болып, күзде оған ақ қауырсын араласады.
  • Тұмсығы қара, сирағы қызғылт қоңыр.

Көбеюі

Кәдімгі жыл құсы. Наурыз айында ұшып келіп, мекиені мен қоразы ағаш қуысына, жартас жарықтарына, інге ұя салады. 4-7-ден (көбінесе 5) жұмыртқалайды (көгілдір түсті), оларды мекиені мен қоразы кезектесіп 14 күндей басады. Балапандары жұмыртқадан шыққан кезден 21 күн өткеннен кейін ұядан ұшады.
Кәдімгі қараторғайлар солтүстік аймақта бір рет, оңтүстікте 2 рет балапан ұшырады.

Қоректенуі

Көбінесе жәндіктермен, олардың дернәсілдерімен қоректенеді.
Күзде жеміс-жидектермен де қоректеніп, бақ пен жүзімдікті бүлдіреді.

Таралу аймағы мен өрісі

Кәдімгі қараторғай негізі торпиктік және субтропиктік аймақтарда кездеседі. Бұлар Қазақстанның солтүстігіндегі орманды-дала белдемінде, оңтүстігі мен шығысындағы тау етектерінде ұя салады.
Қыркүйек-қазан айларында қыстау үшін Азияның оңтүстігіне, Африкаға, Австралияға ұшып кетеді. Кейде Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде қыстап шығатын кездері де болады.

Дереккөздер

<references/>