Күләш Қажығалиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Күләш Қажығалиева (1942 жылы 9 маусымда Алматы облысы Үйгентас ауданы Ақжар ауылында туған) — қазақстандық актриса. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.

Өмірбаяны

Құрманғазы атындағы Өнер институтының театр факультетін бітірген (1967), драма актері. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1969 жылдан бері - Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған театрдың әртісі. Ш. Айтматовтың «Ақ кеме» (Кемпір), И. Сапарбайдың «Ауылдан келген ару» (Сәндігүл), Қ. Қайсеновтың «Қайсар» (қыз), О. Бөкейдің «Атау кере» (Марфа), Ә. Таразидің «Індет» (шешесі), «Жақсы кісі» (Балзия), И. Ғайыптың «Қорқыттың көрі» (Қамқа), О. Боранбаевтың «Қаңбақ шал» (Бәйбіше), М. Хасиевтің «Табамын әлі» (қыз) спектакльдерінде ойнайды.

Отбасы

Әкесі - Сопқан Қажығали, марқұм. Анасы - Тұрсымбаева Күлшиман, марқұм. Жесір. Жұбайы - Мерғазиев Қалиола, марқұм, режиссер болған. Ұлы - Мерғазиев Қуандық (1964 ж. т.); қыздары -Мерғазиева Құралай (1967 ж. т.), Қайсарбекова Қарлығаш (1971 ж.т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Мемлекеттік марапаттары

  • 1998 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген артисі (құрметті атағымен) марапатталған.
  • Қазақстанның "Ерен Еңбегі үшін" медалімен марапатталған.
  • 2016 жылы Қазақстанның "Еңбек ардагері" медалі
  • 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub