Күләш Дүйсенбайқызы Қаймулдинова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Күләш Дүйсенбайқызы Қаймулдинова<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref> - (25.7.1966 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы) – география ғылымдарының докторы (2010). ҚазПИ-ді (1988, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1988–2006 жылдары ҚазПИ-де оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. 2006 жылдан Абай атындағы ҚазҰПУ-да "Елтану" кафедрасының меңгерушісі. «Қазақстандағы физикалық-географиялық нысандардың номинациялануының ғылыми негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан топонимдерін география ғылымдар тұрғысында зерттеуге арналған. Ол қазақ халқының география терминдерін, топонимдердің қалыптасуын табиғатты пайдалану және қорғау дәстүрлері тұрғысында зерттеп, топонимиканы ландшафттар туралы іліммен байланыстыруды жүзеге асырған. 180 еңбегі жарық көрген, олардың арасында "Қазақстанның аридті аумақтарының топонимиясы" және тағы басқа монографиялары, ғылыми мақалалары бар. Жалпы білім беретін мектептердің 7, 10, 11-сыныптарына арналған географиядан жаңа буын оқулықтарының, геогр. атластардың, жоғары оқу орындарына арналған "Топонимика", "Қазіргі дүние географиясы" оқулықтарының, 10-тарта оқу құралдарының авторы.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Күләш Дүйсенбайқызы Қаймулдинова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}