Күлжазира Жұмаділқызы Мұқажанова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Күлжазира Жұмаділқызы Мұқажанова - (1952 жыл 14 желтоқсан Павлодар облысы Қашыр ауданы Песчаное ауылы) - суретші.


Әкесі - Мұқажанов Жұмаділ (1929-1964), бухгалтер болып жұмыс істеген. Анасы - Мұқажанова Нәдия (1934 ж. т.), зейнеткер, тігінші болып жұмыс істеген, жоғары дәрежелі шебер.

  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (1976) орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша; РФ Көркемсурет академиясының И.Е. Репин атындағы Кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын (1992) өнертанушы мамандығы бойынша бітірген.
  • ҚР Көркемсурет академиясының толық мүшесі.
  • Бейнелеу өнері бойынша жарияланымның, альбомдар мен монографиялардың авторы.
  • 1976 жылдан - Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының ғылыми қызметкері. 1977 жылдан - Алматы қаласының Кафедралдық соборында редактор-әдістемеші, ғылыми хатшы, көрме бөлімінің меңгерушісі, көрме залының меңгерушісі, Қазақ КСР (ҚР) Мәдениет министрлігі Көркем көрмелер дирекциясы директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары. 1992 жылдан - Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының ғылыми хатшысы.
  • 2006 жылдан бері - Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары.
  • Өнертанушы, ҚР Суретшілер одағының, Халықаралық көркемсурет сыншылары қауымдастығының мүшесі.
  • «Білім және еңбек» журналы сыйлығының лауреаты (1985). ҚР Президентінің құрмет грамотасымен марапатталған (2006).
  • Діни көзқарасы - ислам.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - У. Черчилль.
  • Қазақстанның болашағы жайлы болжамы - «Білім беру, ғылым және мәдениет салалары жоғары деңгейде дамыған қуатты экономикалық дамыған ел».
  • Хоббиі - кітап оқу, саяхат жасау.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет.
  • Тұрмыс құрмаған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub