Кісе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кісекүміс, жез үзбелермен безендіріп, қалташалар салынған жалпақ былғары белбеу. Кісе екі қабат етіліп тігіледі, ұзындығы 130 - 200 см, көбінесе 150 см, ені 2,5 - 3 см. Екі басына қапсырма салынады. Кейде ұшын екінші ұшына өткізіп бекітетін тесіктер жасалады. Кіседе белбеуге іліп өткізіп қоятын былғары қалтасы болады. Ол оқ-дәрі, қару-жараққа қажетті басқа да ұсақ-түйек саймандар салу үшін пайдаланылады. Оған қалтамен қосымша оқшантай, кішкене сопақша дорба және пышақ, қанжар салатын қынап тығылады. 19 ғасырдан бастап, қазақ халқының тұрмыс-салтының өзгеруіне байланысты, Кісенің түрі де өзгерді. Қосымша қалта салмай, күміспен кемерленіп, әшекейленіп, күміс кісе, кемер кісе деп аталды. Бұл К. белдікті салтанат күндерінде буынған. Қазақстанның батыс аймақтарындағы дәулетті адамдар 19 ғ-дьщ аяғы мен 20 ғ-дың басында К. белдікті барқыттан, оқа жіптермен кестелеп, алтын, маржан тастардан көз салдырып жасатқан.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}