Ксения Александровна Струнина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:К. Струнина.tif
Ксения Александровна Струнина

Ксения Александровна Струнина (3 қараша 1915, Ресей, Благовещенск қаласы – 18 қыркүйек 1980, Павлодар қаласы) – орыс актрисасы, Қазақ КСР халық әртісі (1965).

Өмірбаяны

  • 1935 жылы Благовещенск қаласындағы Амур театры жанындағы студияны бітірген.
  • 1947 жылға дейін бірқатар орыс драма театрлары құрамында (Өскемен қаласы, т.б.) қызмет етті.
  • 1947 – 51 және 1953 – 80 жылы Павлодар облыстық орыс драма театрында актриса болды. Ол орыс және шетел классикалық драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерде негізінен басты рөлдерде ойнады. Актрисаның ойыны терең эмоциясы бояуымен, драма және лириканың сезімінің молдығымен, бейнелеу тәсілдерімен, сахналық сөзге мән беруімен әрі парасаттылығымен ерекшеленді.

Марапаттары

Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті