Косово шайқасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Military Conflict

Косово шайқасы (сербше: Kosovski boj, немесе Boj na Kosovu; түрікше: Kosova Meydan Muharebesi) — ортағасырлық Сербия мен Османлы империясының арасында 1389 жылдың маусымның 15-сінде (жаңа стиль бойынша: маусымның 28-інде) арасында болған дала шайқасы. Косово шайқасы серб халқының тарихы, мәдениеті және ұлттық сана-сезімінде ерекше маңылды орын алады.

Шайқас туралы сенімді тарихи дерек көздері аз. Алайда шамамен сол кездері орын алған басқа шайқастармен (мысалы, Ангора немесе Никополис шайқастарымен) салыстыра отырып оның негізгі жақтарын қалпына келтіруге болады.<ref name=VE9>Үлгі:Cite book</ref>

Дайындықтар

Әскердің жылжуы

Сурет:Knez Lazar, Vladislav Titelbah.jpg
Сербияның билеушісі князь Лазарь

Сербтер Османлыларды Билеца шайқасында және Плоцник шайқасында жеңген соң, Османлының сұлтаны І-ші Мурад өз әскерін 1389 жылдың көктемінде Филиппопольде (қазіргі Пловдив) жинап, үш күндік марштан кейін Ихтиманға жетіп келді. Ол жерден әскер Велбьуждь (Кюстендил) және Кратово деген жерлерге жетті. София қаласы және Нишава аңғары арқылы өтетін жол қысқарақ және князь Лазарьдың жеріне тікелей алып баратын жол болса да, сұлтанның таңдап алған жолы оны Балқан түбегіндегі маңызды жол тораптарының бірі Косовоға алып келді. Косоводан Мурад пен оның әскерлері Лазарьдың немесе Вук Бранковичтің жерлеріне шабуыл жасай алатын немесе әрі қарай Италияға қарай жылжи алатын. Косовода біраз уақыт тұрақтап, Мурад әскерін Куманово, Прешево және Гниляне арқылы Приштинаға маусымның 14-інде келіп жетті.<ref name=VE9/>

Лазарьдың шайқасқа қалай дайындалғаны туралы деректер аздау, бірақ ол өз әскерлерін Ниш қаласының маңында, Южна Мораваның оң жақ жағалауында жинады деп болжамдауға болады. Мурад қалың қолымен Вельбуждқа қарай аяқ басқанын білген соң ол да Прокуплье арқылы Косовоға жылжыған болуы мүмкін. Сол Косовода Лазарьдың және Мурадтың әскерлері бетпе-бет келеді. Лазарь бұл орынды таңдап алғаны ақылды қадам болды, себебі ол Мурадтың қай жақтан келетінін жақсы бақылай алатын.<ref name=VE9/>

Әскердің құрамы

Армия қанша үлкендігі беймәлім, әсіресе соңғы кездері көп қайнар көздер оны асыра сілтеп, тіпті жүз мыңдаған дейді.<ref name=VE0>Үлгі:Cite book</ref>

Мурад армиясы 27,000-40,000 адамды өлтіруі мүмкін.<ref name=Sedlar/><ref name=Cox/><ref name=Cowley/><ref name=VE9/> Егер оны 40,000 деп есептесек, оның 2,000-5,000 жаныссарлар болуы мүмкін.

Шайқастың барысы

Сурет:Battle of Kosovo, disposition of troops.svg
Косово даласында екі жақ қосындарының орналасуы (болжам)

Басталуы

Шайқас Осман садақшыларының серб атты әскеріне шабуылынан басталды. Серб әскерлері "V" тәрізді құралғаннан кейін Сербиялық атты әскерлер Османдардың сол жақ қапталын бұзып кірді. Алайда орталық және оңжақ қапталға жасалған шабуыл сәтсіз аяқталды.

Түріктердің қарсы шабуылы

Сербтер бірінші шабуылдан соң біршама басымдыққа ие болып, нәтижесінде, түріктердің Якуб Челеби бастаған қанатқа біршама айтарлықтай шығын келтірді. Рыцарлардың қуатты шабуылы аяқталғаннан кейін Осман атты әскері мен жаяу әскерлер қарсы шабуылға шығып Сербиялық ауыр сауытты әскерлерге қауіп төндірді. Орталықта серб сарбаздары Османдық әскерлердің қарқынын басып, Баязид Влатко Вуковичке қарай жылжыды. Османдар қарсы шабуылдар жасай отырып, серб әскерлерін кері шегіндіре бастады. Баязид I осы шайқастан соң Осман сұлтаны болған еді. Онымен қоса, Найзағай деген құрметті атты да осы шайқастан соң алды.

Мұрадтың қаза табуы

Түріктердің тарихи қолжазбаларына сүйене отырып, I Мұрад Сұлтанды Милош Обилич өлтірді деп тұжырымдауға болады. Ол өліп жатқандай кейіп танытып, Мұрадты қанжармен өлтірген. Ал серб дереккөздерінің хабарлауынша, Обилич түріктердің шатырына белгісіз бір сылтаумен барған. Сұлтанның алдында тізерлеп тұрып, оған қанжармен ұмтылып, ішінен қанжармен соққы жасап оны өлтірген. Сұлтанның нөкерлері Обиличтың парша-паршасын шығарған. Мұрад шайқаста қаза болған жалғыз Осман сұлтаны еді. Мұрадтың ұлы Баязид сұлтанның қазасынан бірден хабардар болып, ағасы Якубке әкесі тапсырма беру үшін шақырды деген желеумен шабарман жібереді. Якуб келісімен тұншықтырылып өлтіріледі. Сөйтіп, Баязид таққа үміткер жалғыз адам болып шыға келді. Флорентийлық кароль I Твртконың жазған хатында: «1389 жылы 20 қазанда Мұрад ұрыс барысында қаза болды. Өлтірушінің аты белгісіз, алайда ол 12 серб дворяндарының бірі еді. Ол серб рыцарьларының шабуылы кезінде Осман әскерлерін бұзып өткен болатын. Жолы болды. Он екі лорд семсерлерін жалаңдатып, жаудың тылына, тіпті Мұраттың шатырына ерлікпен жеткен. Онымен қоса олардың бірі Мұратты тамағынан қылышпен орып өлтірді» делінеді. Сұлтанның сағанасы әлі күнге дейін бар. Бірақ, оның жағдайы онша емес. Қаншама жүзжылдық өтсе де, түріктер мен сербтер қанша айқасса да ол бұзылмаған қалпында тұр. <ref>Wayne S. Vuchinich & Thomas A. Emmert, Kosovo: Legacy of a Medieval Battle, University of Minnesota. 1991.</ref>

Нәтижесі

Косово шайқасы османдардың түпкілікті жеңісіне жол ашты. Сол уақытта екі жақтан айтарлықтай шығын болса да, Сербия ауыр шығынға ұшырап, вассалдығы үдей түсті. Серб ақсүйектері Осман империясын сарбаз және салықпен қамтамасыз ететін болды. Онымен қоса, Түркияның қысымының әсерінен кейбір серб ақсүйектері қыздарын түріктерге ұзата бастады, ал кінәз Лазарь қызын Баязидке берді. Осы некелердің нәтижесінде Стефан Лазаревич Баязидтың сенімді одақтасына айналды, ол Баязидке болашақтағы шайқастарында да үлкен көмек көрсетті. Косово шайқасы серб патриотизмы мен тәуелсіздікке деген ұмтылысының нышаны ретінде қарастырылады. Косово шайқасы сербтердің ұлттық көзқарасымен алғанда әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. <ref>Battle of Kosovo, Encyclopedia Britannica</ref><ref>Kosovo Field, Columbia Encyclopedia</ref><ref>Kosovo, Battle of, Encarta Encyclopedia</ref><ref>Historical Dictionary Of Kosova By Robert Elsie, pg.95</ref><ref>The Encyclopedia of World History: Ancient, Medieval, and Modern, Chronologically Arranged By Peter N. Stearns, William Leonard Langer, pg. 125</ref><ref>Global Terrorism By James M Lutz, Brenda J Lutz, pg. 103</ref><ref>Parliaments and Politics During the Cromwellian Protectorate By David L. Smith, Patrick Little, pg. 124</ref><ref>Genocide: a critical bibliographic review By Israel W. Charny, Alan L. Berger, pg. 56</ref>

Сілтемелер

Үлгі:Reflist